Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

0
118

Жоба Атырау қаласында ірі индустриялық кластер құру шеңберінде жүзеге асырылуда.


Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы оңтүстік өндірістік аймақта индустриялық кластерді дамыту бағытындағы жаңа стратегиялық нысан — Texol Steel Technology болашақ құйма зауытының іргесіне капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

Жоба Атырау қаласында ірі индустриялық кластер құру шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл кластердің орталығы — Атырау вагон құрастыру зауыты. Жаңа зауытта теміржол вагондарына арналған болат құйма бөлшектер шығарылмақ. Жоба бұған дейін шетелден жеткізіліп келген құрамдас бөлшектерді отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік береді. Негізгі шикізат — металл сынықтары және ферроқорытпалармен қазақстандық жеткізушілер қамтымақ. Кәсіпорын 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

-Құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысының басталуы — Атырауда индустриялық кластерді дамытудағы маңызды қадам. Бұл зауыт вагонға қажетті бөлшектер өндірісін 96% көлемінде жергіліктендіруге, 500-ден астам адамды жұмыспен қамтуға, өңірде өңдеу өнеркәсібін дамыта түсуге мүмкіндік береді. Бұл жоба — Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асырудағы нақтылықтың көрінісі, - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.