Атырау облысында дрон сынықтарына ұқсас бөлшектер табылды

0
206


Атырау облысында дрон сынықтарына ұқсас бөлшектер табылды

Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды. Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алдымен құлаған дыбыс естілген. Сосын нысан өртенген. Кейін оқиға орнынан күйген бөлшектер табылған.

Ал полиция департаменті нысанның елді мекеннен тыс аумаққа құлағанын мәлімдеді. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


“Атырау облысы полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Қазір бұл нысанның қайдан келгені анықталып жатыр.