​Атырау маңында көлігімен батпаққа батып қалған 12 адам құтқарылды

0
95

ТЖМ тазартылмаған және батпақты жол учаскелерінде, әсіресе түнгі уақытта, жеңіл автокөлікпен жүруден бас тартуды сұрайды.


​Атырау маңында көлігімен батпаққа батып қалған 12 адам құтқарылды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Кеше кешкісін Атырау қаласындағы Бесікты ауылы маңында, демалыс орындарының бірінің жанында үш жеңіл автокөлік батпақты жерге батып, қозғала алмай қалған, деп жазады inform.kz.

Жер бедерінің күрделілігі мен тұрақты байланыс желісінің болмауын ескере отырып, құтқарушылар жоғары өтімді техника мен спутниктік байланысты пайдаланды.

— Нәтижесінде 12 адамның барлығы, оның ішінде 6 бала қауіпсіз түрде эвакуацияланып, елді мекенге жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады, — дейді мамандар.
ТЖМ тазартылмаған және батпақты жол учаскелерінде, әсіресе түнгі уақытта, жеңіл автокөлікпен жүруден бас тартуды сұрайды.