​Бүгін Астанада футболдан FIFA Series 2026 турнирі басталады

0
186

Келесі кездесуін ел құрамасы 31 наурызда Комор аралдарына қарсы өткізеді.


​Бүгін Астанада футболдан FIFA Series 2026 турнирі басталады
Фото: Pexels.com


ERNUR.KZ. Алғашқы ойында Қазақстан мен Намибия құрамалары кім мықтыны анықтайды, деп жазады inform.kz.

Матч елордадағы «Астана арена» стадионында өтеді.

17:00-де басталатын ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, бастапқыда бұл турнирге Қазақстан, Намибия, Комор аралдары және Кувейт қатысады деп жоспарланған. Алайда Кувейттің Астанадағы аладоп бәсекесіне қатысудан бас тартуына байланысты ойындарды айналмалы жүйе бойынша өткізу туралы шешім қабылданды.
Келесі кездесуін ел құрамасы 31 наурызда Комор аралдарына қарсы өткізеді. Ал 28 наурызда Намибия мен Комор аралдары жасыл алаңға шығады.
FIFA Series алғаш рет 2024 жылы пилоттық форматта ұйымдастырылды. Сол тәжірибеден кейін жоба толыққанды халықаралық турнир ретінде дамытылып, 2026 жылдан бастап кеңейтілген форматта өтеді.
Басты жаңалық – енді бұл турнирге ерлер құрамаларымен қатар әйелдер ұлттық командалары да қатысады.
Турнирдің негізгі мақсаты – ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттырып, әртүрлі футбол мектептерінің бір-бірімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. FIFA Series аясында әр топқа түрлі құрлықтан төрт командадан бөлінеді. Әрбір құрама екі матч өткізеді. Бұл халықаралық күнтізбеге артық жүктеме түсірмей, сонымен бірге сапалы ойын тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Биылғы турнир матчтары бірнеше елде өтеді. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Сонымен бірге Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан қабылдаушы елдер ретінде таңдалды.
Бұған дейін Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін «FIFA Series-2026» турниріне қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялағанын хабарлаған едік.