Қырғызстан ІІМ өкілдері заң лауазымға және мәртебеге қарамастан барлығына бірдей екенін атап өтті.
Видео кадры
ERNUR.KZ. Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қоғамдық орында темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған әлеуметтік желілерде тараған видео себеп болды, деп жазады tengrinews.kz.
Дереккөздердің мәліметінше, видео жарияланғаннан кейін министрге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ниязбековқа 3 мың сом (шамамен 17 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Қырғызстан ІІМ өкілдері заң лауазымға және мәртебеге қарамастан барлығына бірдей екенін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода министрдің ғимараттың кіреберісінде темекі шегіп тұрғаны көрінеді.
Еске салайық, Қазақстанда қоғамдық орында темекі шеккені үшін тұлғаларға 15 АЕК (2026 жылы - 64 875 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жарты жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 20 АЕК-ке (2026 жылы - 86 500 теңге) дейін өседі. Әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін айыппұл 50 АЕК (216 250 теңге).


