Ақтөбе облысында 30 отбасы жаңа үйдің кілтін алды

0
162

​Аудан әкімі қоныс тойын тойлап жатқан отбасыларға жылы лебізін білдірді.


Ақтөбе облысында 30 отбасы жаңа үйдің кілтін алды

Фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақтөбе облысының Алға ауданында айтулы оқиға болды. Мерекелік шара аясында аудан тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Аудан әкімі Асланбек Шуиншалиев тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, қоныс тойын тойлап жатқан отбасыларға жылы лебізін білдірді. Оның айтуынша, өңірде халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таппақ.

Жаңа баспана берілген елді мекендер тізімі: Алға қаласы; Маржанбұлақ, Қарағаш және Нұрбұлақ ауылдары; Есет батыр, Үшқұдық және Сарықобда ауылдары.

Жергілікті әкімдік өкілдері атап өткендей, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету — мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарының бірі.

«Өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешу мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді», — деп хабарлады Алға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.