"Өзіне қол жұмсады" деп ойлаған: Ұйқыны жақсы көретін ақтаулық келіншек елді әбігерге салды

0
251

​Әйеліне хабарласа алмаған күйеуі құтқарушыларды шақырған.


ERNUR.KZ. Ақтаудағы 4-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінде алғашында қайғылы оқиға деп қабылданған жағдай болды. Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар барған, деп жазады baq.kz.

Елді дүрліктірген оқиға туралы ақпарат 23 наурыз күні күндіз тарады. №57 үйдің алтыншы қабатындағы пәтерде қайғылы жағдай болғаны анықталған.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің түсіндіруінше, пәтеріне кіре алмаған бір ер адам көмек сұрап жүгініп, әйелінің өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін айтқан.

Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары құтқарушылардан көмек сұраған.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, пәтерге кіру үшін автосаты пайдаланылған. Өрт сөндірушілер пәтерге терезе арқылы кірген.

Бақытқа орай, оқиғаның соңы жақсы аяқталды. Кейін әйелдің аман екені анықталды: ол ұйықтап жатқан. Үй ішінде үш және бір жастағы екі бала да болған.