Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылды

0
124

​Алдын ала болжам бойынша марқұм көпірден өзенге қарай секірген.


Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылды

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Кеше, 24 қараша күні кешке Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті табылды. Өкінішке қарай, бала Есіл өзеніне батып, көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасындағы мәліметке сүйенсек, баланың жоғалғаны туралы арыз 24 қарашада түскен.

«24 қараша күні полицияға арызданған анасы қызы сағат 18:30 шамасында үйден шығып кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Полиция мен еріктілер баланы бірден іздей бастаған», - деп жазылған ақпаратта.

Дереккөзге сүйенсек, қыз бүгін таңғы сағат алты кезінде көпірден секіріп кеткен. Полиция бірнеше сағат өткенде оның мәйітін Есіл өзенінен тапқан.