Жеңіс Қасымбек “пропискаға” қатысты талапты әкімдік қоймайтынын айтып, ол заңда бар ереже екенін қоса кетті.
ERNUR.KZ. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек енді “Елорда жастары” бағдарламасы тоқтайтынын мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
ОКҚ алаңында өткен брифингте журналистер “Елорда жастары” бағдарламасының ережелерін нақтылауға қатысты сұрақ қойғанда әкім осындай жауап айтты.
Журналистер тұрақты тіркеуге қатысты талапты қайта қарау жоспарда бар-жоғын сұрады.
Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама жалғасын тапқан жоқ. Биылдан бастап ол бағдарлама бойынша пәтер берілмейді, – деді әкім.
Жеңіс Қасымбек “пропискаға” қатысты талапты әкімдік қоймайтынын айтып, ол заңда бар ереже екенін қоса кетті.
Еске сала кетейік, “Елорда жастары” жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, ЖОО ұстаздары мен ғылыми қызметкерлерге, әлеуметтік сала мен коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, полиция департаменті мен ТЖҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ Астана қаласы бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген жетім балаларға баспана сатып алу үшін жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік беретін бағдарлама болатын.


