Астанада полицейлер мен балалар қар атысып ойнаған (ВИДЕО)

0
88

Бұл видеоны халық жылы қабылдаған.


Астанада полицейлер мен балалар қар атысып ойнаған (ВИДЕО)

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кішкентай балалармен қар атысып ойнап, халықтың ықыласына бөленді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Патрульдік полиция видеоны әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жүктегені сол еді, астаналықтар әдемі сәттерді елеусіз қалдырмай, таратып жатыр.

«Балалардың күлімдеген жүздері – біздің ең үлкен жетістігіміз. Полиция қызметкерлері балалардың амандығы үшін бар күшін салады», - деп жазылған полктің ресми парақшасында.

Пікір жазған адамдардың көбі қарапайым тәртіп сақшыларының өз балаларына уақыты болмаса да, қоғамның тыныштығын күзетуде күні-түні еңбек етіп жүргендерін жазған.