Астанада ҚазТАГ бас редакторы ұсталды

0
79

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған.


Астанада ҚазТАГ бас редакторы ұсталды

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов Астанада ұсталды, бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп жазады sputnik.kz.

Полицияның мәліметінше редакция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған.
"Арызда көрінеу жалған ақпараттың бірнеше рет таратылып, соның салдарынан олардың іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірілгені көрсетілген", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу әрекеттері қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді.
"Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеп-тексеру сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, биылғы жылдың 23 желтоқсанында "ҚазТАГ" бас редакторы ұсталып, Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полиция.
Тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.