​Астанада екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

0
88

Шағын автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.


​Астанада екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

Фото: instagram.com/police__astana

ERNUR.KZ. Астанада екі автобус жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.
Алдын ала дерекке сүйенсек, шағын автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.
"Жол апаты салдарынан шағын автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.