Астанада алты жасар бала 9-қабаттан құлап, тірі қалды

0
130

Оқиғаға қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді.


Астанада алты жасар бала 9-қабаттан құлап, тірі қалды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Елордада алты жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап, тірі қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Еске салсақ, оқиға Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бала өз пәтерінің терезесінен құлап, екінші қабаттың көлеңкелі жабынына түскен. Ол алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Агенттік тілшісіне түсініктеме берген Астана қалалық Полиция департаментінде кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 6 жасар бала бөлмеде жалғыз қалып, терезеден құлап кеткен. Оқиға болған сәтте ересектер басқа бөлмеде болған. Жарақат алған бала медициналық мекемеге жеткізілді», – деп мәлімдеді Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.