Алматыдан Еуропаға жаңа әуе рейсі ашылды

0
88


Алматыдан Еуропаға жаңа әуе рейсі ашылды

Фото: Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Ертең, 31 мамырдан алматылықтар Польша астанасы Варшава қаласына тікелей ұша алады, деп жазады kaz.inform.kz.

Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа рейсті Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines іске қосады. Әуе рейстері заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады.

“ Халықаралық әуе қатынасын дамыту Алматы үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әуе бағыттарының кеңеюі туристер санының артуына, халықаралық байланыстың нығаюына және қаланың Орталық Азиядағы саяхат пен бизнеске ең тартымды бағыттардың бірі ретіндегі имиджін қалыптастыруға ықпал етеді “, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін Измир мен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылатынын жазғанбыз.