Алматыдан Ақтауға барып, есірткі таратпақ болған 20 жастағы бойжеткен сотталып кетті

0
112

​Бойжеткеннен синтетикалық психотроптық заттардың 27 орамы тәркіленді.


Алматыдан Ақтауға барып, есірткі таратпақ болған 20 жастағы бойжеткен сотталып кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматыдан Ақтауға барған 20 жастағы бойжеткен Telegram арқылы есірткіні жасырып кету тәсілімен таратпақ болған, деп хабарлайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық әрекеті дер кезінде әшкереленіп, оның жанынан синтетикалық психотроптық заттардың 27 орамы тәркіленді.

Ақтау қалалық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

«Telegram арқылы «оңай табыс», «курьер» немесе «закладка» сияқты жұмыс ұсынатын хабарламалар - ақша табудың жолы емес, қылмыстық жауаптылыққа апаратын жол. Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз», – делінген ведомство хабарламасында.