Апат салдарынан жүргізуші жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Сурет: Zakon.kz
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16:40-та Бостандық ауданында болған.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі таратқан ақпаратқа сәйкес, Skacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Үшкемпіров көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, рөлге ие бола алмай, газ құбырының тірегіне және ағашқа соғылған. Кейін көлік аударылып қалған.
Апат салдарынан жүргізуші жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыда самокатшы саябақта баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткені хабарланған еді.