Алматы әуежайында шетелдік 1 млн теңгеге жуық ақшасын белгісіз біреуге аударып жіберген

0
79

Оқиға ұшуға аз уақыт қалғанда болған.


Алматы әуежайында шетелдік 1 млн теңгеге жуық ақшасын белгісіз біреуге аударып жіберген

© Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Көлік полицейлері айбайсызда белгісіз номерге 1 млн теңгеге жуық қаражат аударып жіберген Қытай азаматына ақшаны қайтаруға көмектесті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға Алматы әуежайында ұшуға дейінгі жолаушылар тексеру аймағында болған. Шетел азаматы 970 000 теңгені қателесіп бейтаныс адамға аударып жіберген.
"Ол телефондағы қосымша арқылы асығыс ақша аудару кезінде басқа бір адамға жіберіп қойған. Өзі тіл білмегендіктен, әрі уақыттың тығыздығынан азамат осындай жағдайға тап болды. Оның үстіне қаражат кез келген сәтте шешіліп кетуі әбден мүмкін еді", - дейді полиция.

Тәртіп сақшылары шұғыл түрде банкпен байланысып, аударымды бұғаттап, ақша алған тұлғаның жеке басы мен байланыс мәліметтерін анықтады.