Алименттен қашып жүргендер ТМД-да жасырына алмайды - конвенцияға өзгеріс енгізілді

0
105

Конвенциямен танылатын және орындалуға жататын сот актілерінің қатарына алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығы енгізілді.


Алименттен қашып жүргендер ТМД-да жасырына алмайды - конвенцияға өзгеріс енгізілді

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Сенат азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізілетін хаттаманы ратификациялады, деп жазады sputnik.kz.
Жоғары палата депутаты Евгений Больгерттің айтуынша, Қазақстанда алиментті өндіріп алу бойынша сот бұйрығы шығарылады. Ал ТМД елдерінде ондай құжат қолданылмайды.
"Соның салдарынан басқа мемлекеттерде сот бұйрықтары орындалмай жатады. Бүгінгі заңмен конвенциямен танылатын және орындалуға жататын сот актілерінің қатарына алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтары енгізіліп отыр. Осының арқасында сот бұйрықтары ТМД аймағында да орындалатын болады", - деді Больгерт сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, бүгін әділет министрлігі алименттен шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызын жариялады.