Алатау қаласында жылдамдығы сағатына 350 шақырымға жететін аэротакси іске қосылмақ

0
121

Жылына шамамен 8 миллион турист тарту жоспарланып отыр.


Алатау қаласында жылдамдығы сағатына 350 шақырымға жететін аэротакси іске қосылмақ

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

ERNUR.KZ. Алатау қаласында жылдамдығы сағатына 350 шақырымға дейін жететін аэротакси іске қосылуы мүмкін, деп жазады stan.kz.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Алатауда 120 метр биіктікте дрондарды сынақтан өткізу жоспарланған. Мұндай тәжірибе қазір тек Қытайдың Шэньчжэнь қаласында бар.

“Қалада квадрокоптерлер іске қосылып, Алматымен және туристік бағыттармен әуе арқылы байланыс орнатылады. Соның арқасында қажетті жерге 15 минутта жетуге болады”, – деді Бозымбаев.

Вице-премьердің сөзінше, жылына шамамен 8 миллион турист тарту жоспарланып отыр. Осы әлеуетті тиімді пайдалану үшін жаңа технологиялар енгізіледі.

Сонымен қатар ол аэротаксилердің жылдамдығы сағатына 350 шақырымға дейін жететінін айтты. Одан бөлек, Алатауда “криптоқала” құрып, цифрлық активтерді реттейтін арнайы орта қалыптастыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Alatau City аумағында жер учаскелері шетелдік инвесторларға жалға берілуі мүмкін екені туралы жазған едік.