Аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. Ақмола облысында екі күннен бері іздестіріліп жатқан 76 жастағы зейнеткердің денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.
Зейнеткер Владимир Громов 18 сәуірде өзі тұрған қарттар мен мүгедектерге арналған "Үміт Шаңырақ" пансионатынан шығып кеткен. Ол соңғы рет жеңіл киіммен Қызыл Яр ауылы бағытында кетіп бара жатқан жерінен бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері, еріктілер және өңір тұрғындары жоғалған ер адамды екі күн бойы іздеді. Оның мәйіті 20 сәуір күні кешке қарай табылды.
"Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


