"8 жігіт жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген": 15 жастағы қазақстандық қыздың мәлімдемесінен кейін екі күдікті ұсталды

0
100

Топтық зорлау туралы мәлімдемеден кейін полиция екі адамның ұсталғанын мәлімдеді.


Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысында 15 жастағы қызды бопсалап жүріп, 2 ай зорлап келген жігіттердің екеуі ұсталды, деп жазады stan.kz.

Топтық зорлау туралы мәлімдемеден кейін полиция екі адамның ұсталғанын мәлімдеді.

"Биыл 19 наурызда полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған, яғни он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір қажет тергеу әрекеттерінің толық кешені жүзеге асырылды. Барлық тараптың уәждері мұқият тексерілуде. Жәбірленушіге қандай да бір қауіп немесе қысым көрсетіліп жатқан жоқ", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, істі жан-жақты әрі толық тергеу үшін қылмыстық іс материалдары облыс орталығының тергеушілеріне берілген. Бұл іс бойынша арнайы тергеу-жедел тобы құрылған.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Тергеу Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деп қорытындылады ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтқан еді. Оқиға Райымбек ауданында болған. Жәбірленуші өзін алғаш рет жыныстық қатынасқа тартқан жігіттің 26 жаста екенін айтты. Оқушы қыз онымен арада болған хат алмасуларын ағасы біліп қояды деген қорқынышпен жігіттің айтқанын істеуге мәжбүр болған. Кейін оның достары “бірінші жігітпен жыныстық қарым-қатынасқа түскеніңді ағаңа айтам” деп бопсалап қызды зорлаған. Күдіктілердің үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да.