36 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

0
73

2026 жылдың басынан бері 36,1 мың азамат, оның ішінде 16,7 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды.


36 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

ERNUR.KZ. Платформада барлығы 1,3 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 56,8 мыңы – ағымдағы жылда тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,2 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оқуды аяқтаған 16,7 мың жұмыссыз азаматтың ішінде, негізінен Шымкент қаласынан (2 172 адам), Ақтөбе облысынан (2 125 адам) Түркістан облысынан (1 446 адам), Қызылорда облысынан (1 342 адам), Қостанай облысынан (1 304адам) 4 мын адам – (16–35 жас аралығындағы) жастар басым болды.

Бүгінгі таңда Платформада авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 581 курс жариялады, оның 395-і – тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 2-ден 72 сағатқа дейін.

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында сертификаттардың ең көп саны мына курстар бойынша берілді: «Кассир» (4 047 сертификат), «Курс по финансовой грамотности» (1 994 сертификат), «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении» (1 422 сертификат), «Введение в социальную работу» (426 сертификат).

Бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол қызметтер нарығының маркетплейс қағидаты бойынша онлайн-курстарға қолжетімділікті ұсынатын халықаралық білім беру платформаларының үлгісі негізінде құрылды.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдап, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін кеңейтілген курстарды іздеу мүмкіндігі, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылай алу және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесе алу сияқты мүмкіндіктер қарастырылған. Пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жылдам іздеуге және сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі чат-бот қолжетімді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеруі туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарын ұсыну функциясы қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада оқуды сәтті аяқтаған сертификат иелерін көре алады.

Платформада онлайн курстарды авторлар мен әзірлеушілер тегін орналастырады. Курстарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады, ақпарат әртүрлі форматта: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа да әдістермен берілуі тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастыру, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттарды түрлі дизайнда жасау, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькуляторды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап азаматтардың курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы да өтуіне мүмкіндік жасалған. Қосымшаны Google Play және AppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады.