​2017 жылы жоғалған азаматтың жеке басы ДНҚ арқылы анықталды

0
156

Заманауи криминалистикалық әдістер мен молекулалық-генетикалық зерттеулердің арқасында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ондаған тұлға анықталған.


​2017 жылы жоғалған азаматтың жеке басы ДНҚ арқылы анықталды

Pixabay.com

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы қылмыстарды ашу және хабар-ошарсыз кеткендерді анықтау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Ведомство мәліметінше, заманауи криминалистикалық әдістер мен молекулалық-генетикалық зерттеулердің арқасында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ондаған тұлға анықталған.

– ІІМ-нің молекулалық-генетикалық зертханасының әлеуеті ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға мүмкіндік беріп отыр. Адам өлтіру және зорлау фактілері, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар әшкереленді. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтау жұмысына ерекше назар аударылады. Мәселен, 2017 жылы Семей қаласынан шығып кетіп, жоғалған 27 жастағы ер адамның жеке басы Қызылорда облысында табылған сүйек қалдықтарына жүргізілген ДНҚ-сараптама нәтижесінде анықталды. Заманауи криминалистиканың мүмкіндіктері қылмыс жасалған уақытқа қарамастан тұлғаларды анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға жол ашады. Ешбір қылмыскер жазасыз қалмауы тиіс – бұл Заң мен Тәртіптің басты қағидаты, – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Министрлік мәліметінше, әрбір осындай істің артында жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалистердің ұзақ әрі мұқият еңбегі жатыр.