​Пикникке шыққанда қажет болатын 10 гаджет

0
239

Оларды сатып алсаңыз, әр демалыс сайын тек қуанатын боласыз.


​Пикникке шыққанда қажет болатын 10 гаджет

фото: ЖИ

Күн жылып, жерге көк шыққалы табиғат аясына пикникке баруды әркім-ақ аңсап жүр. Кейбіреулер шығып та үлгерді. Достармен жиналып, таза ауада кәуап пісіру – көпшілік үшін ең сүйікті демалыстың бірі екені белгілі. Алдағы жаз бойы табиғатта сейіл құрушылар легі толастамайтыны анық.

Алайда жайлы әрі қызықты пикник ұйымдастыру үшін тек дәмді тағам жеткіліксіз. Заманауи гаджеттер табиғаттағы демалысты әлдеқайда ыңғайлы, қауіпсіз және көңілді ете алады. Төменде пикник кезінде таптырмас көмекші болатын 10 құрылғы туралы толық айтып өтеміз.


Маринатор

Кәуап дайындауды ұнататындар үшін маринатор – нағыз жаңалық. Бұл арнайы құрылғы етті қысқа уақытта дәмді әрі жұмсақ етіп маринадтауға көмектеседі.

Қалай жұмыс істейді:

  • Ішінде вакуум пайда болады;
  • Контейнер айналып тұрады, сол арқылы маринад біркелкі таралады.
  • Етке тұздық пен дәмдеуіштер терең сіңеді;

Бір құрылғыға шамамен 2,5 келі ет сияды. Үлкен отбасы немесе достар компаниясы үшін өте тиімді.


Тасымалды самауыр

Шайқорлар үшін табиғаттағы ыстық шай – ерекше рахат. Ондай жандар пикник, кемпинг және балық аулау кезінде өзімен самауыр алып жүрмесе болмайды. Ал тасымалды самауыр жүкті жеңілдетіп, шайдан алатын ләззатты арттырады.

Ерекшеліктері:

  • Салмағы жеңіл;
  • Бір қайнатқанда бірнеше кесе шай дайындауға болады.
  • Жел мен жаңбырға төзімді;
  • Табиғи отынмен жұмыс істейді;

Отын ретінде бұтақ, шөп, қарағай бүрі сияқты табиғи материалдарды қолдануға болады.


Кемпинг шамы

Егер демалыс кешке дейін созылса, жарық міндетті түрде қажет болады. Тоқ сымынсыз, алдын-ала қуаттаумен жарық беретін, батарейкадан немесе күннен қуат алатын түрлі кемпинг шамдары бар сатылымда.

Мүмкіндіктері:

  • Жарық деңгейін реттеуге болады;
  • Үлкен аумақты жарықтандырады;
  • Энергияны аз жұмсайды;
  • Түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Кейбір модельдер 50 метрге дейін жарық түсіре алады.


Термосөмке

Таза ауада тағамның бұзылып кетпеуі үшін немесе үйден ыстықтай алып шыққан астың суып қалмауы үшін термосөмке өте маңызды. Ол азық-түлікті бірнеше сағат бойы өз температурасында сақтайды.

Не сақтауға болады:

  • Жемістер;
  • Көкөністер;
  • Сусындар;
  • Ет және сүт өнімдері.

Кей термосөмкелерде мұз аккумуляторы болады, онымен бірге қолдансаңыз, салқындық ұзақ сақталады.


Қыздырғышы бар ланч-бокс

Жолда келе жатып тамақты жылытып жегіңіз келсе, қыздырғышы бар ланч-бокс таптырмас шешім. Оны көліктің қуат көзіне қосып, бірнеше минут ішінде тамақты жылытуға болады.

Артықшылықтары:

  • Үй тағамын жылы күйде сақтау;
  • Бірнеше бөлімі бар, әрқайсына әртүрлі тағам салуға болады;
  • Ұзақ сапарларда өте ыңғайлы;
  • Қолдануға оңай.

Бұл құрылғы әсіресе балалармен сапарға шыққанда пайдалы.


Электрлі штопор

Табиғат аясында сусын бөтелкесін ашу кейде қиындық туғызуы мүмкін. Осындай сәтте электрлі штопор көмекке келеді. Бұл құрылғы тот баспайтын болат пен сапалы пластиктен жасалған. Оны бөтелкенің аузына қойып, батырманы бассаңыз болғаны, тығын бірнеше секундта ашылады.

Артықшылықтары:

  • Қолға күш салмайды;
  • Қауіпсіз және жылдам жұмыс істейді.
  • Қолдануға өте жеңіл;
  • Ықшам әрі стильді дизайн;

Мұндай гаджет әсіресе үлкен компаниямен демалғанда өте ыңғайлы.


Қол желдеткіші

Жаздың ыстық күнінде тіпті ең саялы деген табиғат аясының өзінде ыстықтап жатамыз. Сондайда салқындаудың ең қарапайым жолы – қол желдеткіші. Қазіргі модельдер жеңіл әрі қуатты аккумулятормен жабдықталған. Кейбір құрылғылар 29 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істей алады.

Ерекшеліктері:

  • Бір қолмен ұстауға ыңғайлы эргономикалық тұтқа;
  • Өте жеңіл әрі сөмкеге оңай сияды.
  • Бірнеше жылдамдық режимі;
  • USB арқылы қуатталады;

Әсіресе балалармен немесе ыстық аймақта демалатындар үшін таптырмас құрал.


Музыкалық колонка

Музыкасыз көңілді пикникті елестету қиын. Bluetooth арқылы телефонға қосылатын сымсыз колонка демалыстың атмосферасын ерекше етеді. Су шашырауына төзімді және корпусы соққыға берік түрін таңдасаңыз, құрылғыны ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.

Пайдасы:

  • Кез келген жерде музыка тыңдау;
  • Түрлі-түсті дизайны мен жарық шамдары көтеріңкі көңіл-күй сылайды.
  • Жеңіл тасымалданады;
  • Табиғат жағдайына төзімді;


Сыртқы аккумулятор (Power Bank)

Тоқ жүргізілмеген жерлерге пикникке шыққанда ең көп жайсыздық туғызатын – телефон қуатының таусылуы. Сол себепті power bank әркімге және әрдайым қажет.

Артықшылықтары:

  • Телефонды, құлаққапты, колонканы қуаттай алады;
  • Ұзақ сапарларда өте пайдалы.
  • Бірнеше USB порты бар;
  • Бір уақытта бірнеше құрылғыны зарядтауға мүмкіндік береді;

Әсіресе фото және видео түсіруді ұнататындар үшін бірінші кезектегі маңызды гаджет.

Табиғаттағы демалысты жайлы әрі қызықты өткізу үшін дұрыс жабдық таңдаудың маңызы зор. Қазіргі гаджеттер уақытты үнемдеп қана қоймай, қауіпсіздік пен жайлылықты да қамтамасыз етеді. Сол арқылы пикникті ұмытылмас әсерге айналдыра алады.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Жас босанған анаға балалар киімін емес, гаджет сыйлаған дұрыс
Смартфон инесі сізді біраз жағдайлардан құтқарады