​LED-маскалар – бет күтіміне көмектесетін жаңа технология

0
220


​LED-маскалар – бет күтіміне көмектесетін жаңа технология

Фото: thevoicemag.ru

LED-маскалар – косметикалық сөмкеге сыйып кететін және кез келген орында кие салып, бет күтімін жасауға болатын бьюти-гаджеттер. Бетке жарық сәулелері арқылы терапия жүргізеді.

Дәл қазір олар бьюти-күтімнің басты трендтерінің біріне айналып тұр. Бірнеше жыл бұрын LED-маскалар үлкен әрі қымбат болғандықтан, тек жұлдыздар мен бьюти-блогерлердің ермегі сияқты көрінетін. Ал қазір бьюти-индустрия технологиялық серпіліс жасап, маскалар ықшам, «ақылды» әрі қолжетімді бола түсті. Үй жағдайында күтім жасайтын қуатты гаджетке айналды.


Қалай жұмыс істейді?

LED-маскалардағы әртүрлі ұзындықтағы жарық толқындары теріге терең еніп, оның қабаттарымен әрекеттеседі. Мысалы, көк жарық беткі қабатта жұмыс істейді, қызыл – тереңірек, ал инфрақызыл – одан да терең қабаттарға өтеді.

LED-масканың теріге енген жарығын жасушалар сіңіреді. Бұл табиғи биохимиялық процестерді іске қосады. Соның нәтижесінде тері қалпына келуге және жаңаруға энергия алады, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғанады, жастықты, сұлулықты және серпімділікті сақтауға көмектеседі.


Маска режимдері

Маса спектрінде әр түстің атқаратын қызметі бар:

Көк жарық – безеуге, акнеге қасы күшті қару. Ол терідегі қабынуларға себеп болатын бактерияларды өлтіреді. Май бездерінің жұмысын еттеу арқылы тері бедерін тегістеуге көмектеседі.

Жасыл жарық – теріні тыныштандыратын емші. Қызаруды азайтады, куперозбен күреседі, солайша терінің түсін біркелкі етеді.

Сары жарық – тері түсін ағартқыш әлі белсендіргіш қызметін атқарады. Лима ағынын күшейтіп, терінің тітіркенуін басып, тыныштандырады.

Қызыл және инфрақызыл – қартаюға қарсы ең жақсы әсерге ие. Ол теріге терең еніп, эластин мен коллаген өндірілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде ұсақ әжімдер тегістеліп, терінің серпімділігі артады.

Аралас режим – кешенді күтім үшін бірнеше толқынды біріктіреді.

Тағы бір маңызды артықшылық – маска сымсыз жұмыс істейді. Арнайы көру терезесінің арқасында оны тағып жүріп үй шаруасын істеуге, таңғы ас дайындауға, поштаны немесе әлеуметтік желілерді тексеруге болады. Батареясы шамамен 1,5 сағатқа жетеді (бірнеше сеансқа жеткілікті). Ал автожад функциясы соңғы режимді сақтап, уақытты үнемдейді.

Заман көшінен қалмай, күтім құралдарым мен әдіс-тәсілдерімді жаңартамын десеңіз, LED-масканы сатып алмас бұрын, жақсы түрін таңдаудың негізгі критерийлерін біліңіз. Құрылғыны осы параметрлерге сүйене отырып бағалаңыз.


Жарық спектрі және оны пайдалану мақсаты

Сіз үшін қандай қызметі маңыздырақ, соны ескеріңіз: қартаюға қарсы, безеуді емдеу немесе терінің жалпы түсін жақсарту. Бұл сізге қанша және қандай түстердегі жарық қажет екенін анықтайды. 5+ спектрлі әмбебап құрылғылар икемділікті ұсынады, бірақ егер сізде бір мәселе болса, сіз мамандандырылған құрылғыға назар аудара аласыз.


Жарық диодтарының қуаты және саны

Құрылғының тиімділігі, нәтиженің жылдам көрінуі осы параметрге тікелей байланысты. Жарық диодтары көбірек болса, біркелкі әсерді және қарқынды әрекетті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жарығы сіздің теріңіздің типіне, сезімталдығына қарай реттелетін түрдері де аса ыңғайлы.


Ыңғайлылық және эргономика

Үй құрылғысын пайдалану ыңғайлы болуы керек. Оны кию оңай ма? Бетке кигенде ыңғайсыздық сезінбейіз бе? Автоматты түрде өшіруге арналған таймері бар ма? Егер осындай талаптарға жауап бере алмайтын болса, бұл құрылғыны ұзақ қолдануыңыз екіталай. Демек, сізді құр шығынға батасыз деген сөз.


Қосымша мүмкіндіктер мен аксессуарлар

  • Қашықтан басқару пульті немесе смартфонға қосылу пайдалануды одан да ыңғайлы етеді.
  • Сақтау сөмкесі – құрылғыны мінсіз жағдайда ұстауға көмектесетін шағын қосымша.

Әрине, ешбір маска тағып-шешсең болды, 10 жылға жасартып жіберетін сиқырлы құрал емес. Нәтиже үздіксіз қолданғанда ғана, біртіндеп байқалады.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Роботтардың ауылы алыс емес, сіз ойлағаннан жақын жерде