​Илон Маск 2026 жылы әлемді түбегейлі өзгертетін нейрожелілерді атады

0
271

Солардың ішінде алдағы уақытта көптеген салаларда кеңінен қолданылатын, даму мен өзгерістерге елеулі әсер ететін 6 ЖИ құралын атап өтті.


​Илон Маск 2026 жылы әлемді түбегейлі өзгертетін нейрожелілерді атады

Сурет: i.pinimg.com

Илон Маск – жасанды интеллект әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол:

  • ЖИ дамуын қатты жылдамдатып жатқан кәсіпкер;
  • ЖИ қауіптері туралы алғаш ашық айтқан адамдардың бірі;
  • ЖИ-ды адам миымен тікелей байланыстыруды көздеген визионер.

Ол жасанды интеллекті бар нейрожелі – тек құрал емес, адамзат тағдырын өзгертетін күш деп қарайды. Ол AI-ды тыю керек демейді, ақылмен басқару керек дейді.

Илон Маск 2026 жылға арналған бірнеше ірі нейротехнологиялық және жасанды и нтеллект бағытындағы маңызды жобаларды таныстырды. Солардың ішінде алдағы уақытта көптеген салаларда кеңінен қолданылатын, даму мен өзгерістерге елеулі әсер ететін 6 ЖИ құралын атап өтті. Жасанды интеллект әлеміне сіңірген еңбегіне қарап, бұл салада оның сөздерінің салмағы басым екенін мойындамасқа болмайды.


  1. Neuralink — ми-компьютер интерфейсі

Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink миға тікелей чип енгізу технологиясын дамытып жатыр. 2026 жылы оның жаппай өндірісін бастау және толық автоматтандыру, орнату жүйесіне көшу жоспары бар. Бұл технология миға енгізілетін микрочип арқылы құрылғыларды оймен басқару мүмкіндігін ұсынады.

Бұл нейрожүйе адам мен жасанды интеллект арасында тікелей байланыс орнатуы мүмкін. Егер дәл жоспардағыдай іске асса, созылмалы аурулар мен мүгедектіктің алдын алу мен емдеуде, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіншілігін арттыруда айтарлықтай төңкеріс жасайды.


2. Grok – нақты уақыттағы ақпарат

Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясы жасаған үлкен тілдік модельге (LLM) негізделген жасанды интеллект нейрожелісі. Ол адам тілін түсінеді, сұрақтарға жауап береді, талдау жасайды. Мәтін, идея, код, жоспар құра алады.

Grok – ChatGPT, Claude, Gemini сияқты жүйелердің тікелей бәсекелесі. Олардан басым тұсы – дәл қазір әлемде не болып жатқанынан хабардар. Цензурасыз, фильтрсіз, шынайы ақпаратты береді.

Және нақты уақыттағы ақпаратпен жұмыс істей алады. Шындықты іздейтін, шектеуі аз, нақты дерекке сүйенетін нейрожелі.

Бүгінде әлеуметтік желілерде, бизнес талдау жасауда, маркетинг және контент жоспарын құруда, оқу және зерттеу, бағдарламалау істерінде және жалпы жеке көмекші ретінде қолданылып жүр.


3. Aurora — иллюстрация жасауға арналған

Бұл – Илон Масктың xAI компаниясы жасаған жаңа генеративті нейрожелі. Суреттер мен иллюстрациялар жасауға арналған.

Бұл модель әлі толық релизделмеген, бірақ оның негізгі мақсаты — пайдаланушы сұраныстарына сай сапалы суреттер генерациялау.


4. Креатив керек болса, Grok Imagine де керек

Илон Масктың xAI компаниясы жасаған көрнекілік пен мультимедиа генерациялайтын жасанды интеллект жүйесі. Ол мәтіннен (text) сурет пен бейнеге (image & video) дейін визуалды контент жасауға арналған.

Негізгі мүмкіндіктері:

  • Суреттер жасау (Text-to-Image). Қолданушы мәтіндік сипаттама (prompt) енгізеді, ал Grok Imagine AI сол сипаттамаға сәйкес фотосурет немесе иллюстрация жасайды.
  • Бейне (Video) генерациясы. Құрал көрнекілікті бейнеге айналдыра алады. Суретті қозғалысты анимацияға айналдыру мүмкіндігі бар. Жүктелген суретті немесе жасалған суретті қысқа видеоларға (әдетте 15 секундқа дейін) айналдыру функциясы бар. Кейбір нұсқаларда бейнеге тығыз байланысқан аудио фон жасау мүмкіндігі қосылған, яғни видео дыбыспен бірге генерацияланады.

Grok Imagine-ды қолдануға болатын негізгі жағдайлар:

  • Креативті визуалды идея жасауда — кейіпкерлер, көріністер, комикстер
  • Қысқа әлеуметтік видеолар жасау
  • Иллюстрациялар мен промо-контентті тез генерациялау
  • Бейне ойында немесе жобада бастапқы визуалды материал алу
  • Суреттерден анимация немесе қысқа сюжеттер жасау

Ол xAI-дың Grok чат-ботына тікелей кіріктірілген немесе бөлек мобильдік қосымша ретінде қолданылады, әсіресе iOS пен Android үшін.


5. Prompt IDE нейрожелілер платформасы

Prompt IDE деп көбіне нақты бір ғана модельді емес, нейрожелілермен (AI-мен) жұмыс істеуге арналған «орта/платформа/құралдар жиынтығын» айтады. Яғни бұл кодқа ұқсас түрде prompt (нұсқау) жазып, оны тестілеп, жетілдіруге арналған. Prompt IDE – ChatGPT, Grok, Claude, Gemini сияқты нейрожелілерге арналған prompt-тарды жазуға, тексеруге, салыстыруға және оңтайландыруға мүмкіндік беретін арнайы орта.


6. Grok Business

Grok Business – Grok нейрожелісінің кәсіпкерлік (бизнес) версиясы, яғни компаниялар мен командаларға арналған жасанды интеллект платформасы. Жекепайдаланушыға арналған Grok-тан ерекшелігі – корпоративті қауіпсіздік, командалық жұмыс және бизнес деңгейіндегі құралдар кіріктірілген.

Grok Business-тың басты міндеті – компаниялар мен командаларға AI көмегімен жұмысты жылдамдату, автоматтандыру және интеллектуалды шешімдер қабылдауды жеңілдету. Бұл жүйе жеке ғана емес, көп адам бірлесіп қолданатын орта ретінде жасалған.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Вертикалды СЫМСЫЗ ШАҢСОРҒЫШты қалай таңдау керек?