Қарттықты ТЕЖЕЙДІ, жастықты САҚТАЙДЫ

0
233


Қарттықты ТЕЖЕЙДІ, жастықты САҚТАЙДЫ

Сурет: pl.pinterest.com

Бұл қарапайым жаттығуды күніне бір рет те, бірнеше рет қайталап та жасауға болады. Бастысы, ниет пен уақыт болса болғаны!

Бұл – баламалы медицина бағыты. Рефлексологияға негізделген, денедегі белгілі бір нүктелерге арнайы әсер ету арқылы саулыққа жетудің жолы.

Жаттығуда аяқ пен алақан бір уақытта ынталандырылады. Соның арқасында жүйке жүйесі мен жалпы ағза сергіп, ерте қартаю үдерісінің алдын алуға көмектеседі. Ендеше, не тұрыс, іске кіріс!


Жастықты сақтайтын «өрім»: қалай жасалады?

  • Ыңғайлы орын тауып, жайғаса отыр. Өзіңді барынша жайлы сезінуің қажет.
  • Сол қолыңның саусақтарын оң аяғыңның башпайларымен айқастыр.
  • Осы қалыпта 1 минут қимылсыз отыр.
  • Содан кейін дәл осы әрекетті оң қол мен сол аяқпен қайтала.


Кеңес:

Әр апта сайын жаттығу ұзақтығын біртіндеп арттырып отыр. Бұл пайдасын одан әрі көбейтеді. Мұндай «өрім» тек жастықты сақтауға көмектесіп қоймай, қан айналымы мен лимфа ағынын қалыпқа келтіру арқылы аяқтардағы ауырлықты да жеңілдетеді.