​АРТЫҚ САЛМАҚ: семіздік те ауруға жатады

0
1 088

Мамандар 2030 жылға қарай әлем халқының 60%-ы семіздік дертіне шалдығады деп болжап отыр.


​АРТЫҚ САЛМАҚ: семіздік те ауруға жатады


Денені май басу - бұл ауру, себебі денеде май қабаты шамадан тыс жинала бастайды. Бұл жағдай эстетикалық ыңғайсыздық әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді. Соңғы онжылдықтарда семіздік бүкіл әлем үшін өзекті мәселе болып келеді. Сонымен, ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, 2020 жылы әлем бойынша семіздік 5 жасқа толмаған 39 миллион баланы құраған екен. Мамандар егер жағдай өзгермесе, 2030 жылға қарай әлем халқының 60%-ы артық салмақ немесе семіздікке ие болады деп болжап отыр.


Семіздіктің себептері:

Семіздікке шалдығудың себептері өте көп дейді мамандар. Ол тұтынылатын тағамның калория мөлшері мен ағзаның калорияға деген қажеттілігі арасындағы теңгерімсіздікке негізделген, бұл жұмсалмаған калорияларды дене майға айналдырады. Теңгерімсіздіктің пайда болуы және оның жоғары таралуы адамдардағы өмір салты белсенділігінің төмендеуімен, калориялы тағамдардың қол жетімділігімен байланысты.


Артық тамақтану

Біз неліктен тамақты көп жеп қоямыз? Оның бірден-бір себебі – стресс. Ададар көбіне ашуға бой алдырғанда үстелге жайғасып, өз-өзін тамақтанумен басатын көрінеді. Мұндай жағдайда олар тағамның құрамына мән бере бермейді. Тәттілер мен калориясы басым тағамдарды стреске берілетін адамдар көп тұтынады екен. Осылайша олар стрестен шығамыз деп ойлайды. Алайда бұл мүлде олай емес. Сіз ашуланғанда, жақын адамыңызға ренжігенде осындай әрекетке баратын болсаңыз, мұның соңы семіздікке алып келетінін ұмытпаңыз.

Тағамның құрамы да маңызды. Егер оның құрамында қарапайым көмірсулар көп болса, онда артық салмақ пайда болады. Заманауи технологиялар, көлік жүргізу және кейбір кәсіптермен айналысқанда белсенділік төмендейтіні сөзсіз. Осыған байланысты энергия толықтай жұмсалмай, денеге майдың жиналуына әкеледі. Бірте-бірте салмақ қосқанда, белсенді өмір салтын ұстануға деген ұмтылыс төмендеуі мүмкін және бұл жағдайды нашарлатады.


Тұқым қуалаушылықтың да семіздікке тікелей әсері бар. Салмақ қосуда генетикалық бейімділік те рөл атқарады. Егер ата-анада семіздік болса, онда баланың бұл ауруға шалдығу қаупі жоғары. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық негізгі фактор емес. Зерттеулер көрсеткендей, әсіресе белсенді өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға ерекше назар аудару керек.


Семіздік белгілері


Әрине, негізгі симптом - дене салмағының жоғарылауы және көзге көрінетін артық салмақтың болуы. Бұдан бөлек:

* тез ентігіп қалу;

* дене белсенділігінің төмендеуі;

* аяқтар мен төменгі арқадағы ауырсыну;

* жалпы әлсіздік және ұйқышылдық;

* жоғары қан қысымы;

* ауыз қуысының құрғауы;

* жүрек соғысының жиілеуі.

Салмақ енді ғана өсе бастағанда, бұл белгілер айқын көрінбеуі мүмкін. Егер адамда артық салмақ болса, онда бұл міндетті түрде семіздікті көрсетпейді. Бұл артық салмақ болуы мүмкін. Артық салмақты семіздікке дейінгі және асқыну қаупі аз жағдай деп санауға болады. Семіздік - бұл неғұрлым ауыр жағдай, ол жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін және адамның белсенділігіне әсер етуі мүмкін.


Артық салмақ артып, денені май басса, адамның бойында мынандай аурулар пайда бола бастайды:

* Жүрек-тамыр жүйесі, гипертония және жүректің ишемиялық ауру

* Эндокриндік жүйе - екінші типтегі қант диабеті, аналық бездің поликистозы

* Репродуктивті жүйе - етеккір циклінің бұзылуы, бедеулік

* Тірек-қимыл аппаратының патологиялары - протрузия, грыжа дискілері, аяқ буындарының зақымдануы, аяқтар мен төменгі арқадағы ауырсыну

* Ас қорыту жүйесі – ішектің, өңештің, өт қабының және ұйқы безінің қатерлі ісігі.

* Несеп-жыныс жүйесі - созылмалы бүйрек ауруы

* Тыныс алу жүйесі - демікпе, гипервентия синдромы.

Семіздіктің осы аталған аурулардан басқа өмір сапасына әсер ететін жағымсыз салдарлары да жоқ емес. Мысалы, ерекше қиын жағдайларда артық салмақ жұмыс күшін жоғалтуға әкелуі мүмкін. Яғни, май басудың салдарынан жұмысқа да жарамсыз боп қалуыңыз ғажап емес. Сондықтан да «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын табайық!»

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтауға көмектесетін ДТ сусындар