Макаронға ысталған шұжық қосып пісірсе дәмді болады

0
268

Тұздықтың көмегімен макарондар өте нәзік, дәмді болып шығады.


Макаронға ысталған шұжық қосып пісірсе дәмді болады

Ысталған шұжық қосып дайындалатын макарон тағамын әзірлеу өте оңай әрі тез. Тұздықтың көмегімен макарондар өте нәзік, дәмді болып шығады. Ендеше түскі немесе кешкі асқа тез-тез макарон дайындап жіберейік!


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. макарон
  • 100 гр. ысталған шұжық
  • 180 гр. қызанақ
  • 150 мл майлы кілегей
  • 100 гр. ірімшік
  • 1 дана пияз
  • 1 тіс сарымсақ
  • 1 шай қасық тұз
  • Шым-шым қара бұрыш
  • 30 мл өсімдік майы, дәмдеуіштер
  • Дастарханға ұсынарда: 1-2 тал ақжелкен немесе аскөк қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Пияз бен сарымсақтың қабығын аршып, тазалап жуамыз. Сосын майдалап турап, шұжықты да жұқалап турау керек.
  2. Табаны отқа қойып қыздырып, өсімдік майын құямыз. Пиязды, сарымсақ пен шұжықты салып қуырамыз. 3-4 минут қуырылған соң, қызанақты турап саламыз немесе ыстық суға бір салып алып, қабығын аршып содан соң салуға да болады.
  3. Қуырмаға енді кілегейді құйып, дәмдеуіштерді қосып, орташа отта 7-8 минут қайнатасыз.
  4. Тұздық дайын болғанша макаронды қайнатып ала беруге болады. Қазанға немесе кастрөлге 1,5-2 л су құйып, қайнаған соң тұз салып, макаронды қайнатып аламыз. 10-12 минутта макарон да дайын болады. Піскен макаронды дуршлагқа салып алып, суын сорғытып, кейіннен табадағы тұздыққа қосыңыз.
  5. Барлығын жақсылап араластырып, бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеңіз. Тағамды тағы да 1 минуттай отта ұстап, дайын тағамды салып жей беруге болады.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сиыр еті қосылған дәмді "солянка"