Мұздың автокөлікке қандай ЗИЯНЫ бар?

0
167

Шын мәнінде, бояу жабыны үшін бірнеше екі қауіп бар.


Мұздың автокөлікке қандай ЗИЯНЫ бар?

фото: kolesa.ru

Жеңіл аязбен бірге қалыптасатын ылғалды ауа-райы автокөлік жүргізушілеріне тосын сый жасайды. Ол – көлікті толықтай жауып қалатын жұқа мұз қабаты. Бұл көліктің «келбетіне» қауіп төндіреді және іс жүзінде зиянды тұстары көп. Сондықтан бүгін көліктегі мұздың қауіпті тұстарын және онымен қалай күресуге болатынын айтамыз.

(Мақаланы дайындау кезінде ашық дереккөздердегі дерек-дәйектер қолданылды).

Көлікті қолдану кезінде мұз айтарлықтай проблема болмайды. Бастысы - айналадағы қозғалысты анық көру үшін терезелерді тазартып тастау қажет. Мұны орындау үшін сіз салонның жылытқышы әр әйнекті қыздырғанша біршама уақыт күтуіңіз керек. Егер осылай асықпай күтетін болсаңыз көлік бөлшектері зардап шекпейді. Әрине, егер сіз мұзды қатты қырғышпен тазартамын деп бояуын сызып тастамасаңыз. Алайда шанақтың бояу жабыны мұзды екіұшты қабылдайды. Шын мәнінде, бояу жабыны үшін бірнеше екі қауіп бар.


Мұзды тазарту кезінде абай болыңыз

Бір қызығы, лак пен бояудың ең ықтимал зияны мұздың өзі емес, сол мұзды шамадан тыс энергиямен әрі эмоциямен тазалап тастайтын иесі болуы мүмкін. Себебі:

Шанақтың боялған бөліктерінен мұзды күшпен алып тастауға болмайды – олай істесеңіз лак пен бояуға міндетті түрде сызаттар түседі;

Қазіргі көліктердің жарықшамдары да мұзбен күресу кезінде оңай зақымдалады. Тазалау кезінде оларға да абай болыңыз;

Барлық терезелерді қыру немесе түрту арқылы емес, арнайы жұмсақ щеткамен немесе жұмсақ резеңке қырғышпен тазалаңыз. Оған дейін әйнекті стандартты жылытқыштың ыстық ауасымен жақсылап қыздырыңыз. Мұндай кезде ерітуге арналған сұйықтық та пайдалы болады;

Құлыптар мен есік тұтқаларының ішінде ылғал қатып қалған кезде де күш қолданбаңыз, өйткені тұтқалардың пластикалық бөлшектері жиі бұзылады. Мұздатқыш сұйықтықты (еріткіш) жағыңыз немесе көліктің басқа жағындағы есіктерді ашуға тырысыңыз. Бұл есіктегі резеңке тығыздағышы қатып қалған жағдайларға да қатысты;

Көлікті оталдырмас бұрын бұрын, терезе тазалағыштардың өшірілгенін тексеріңіз. Сондай-ақ олардың бос екеніне және бірден қозғала алатынына көз жеткізіңіз. Қауіп мынада егер сіз мұзды мықтап ұстайтын тазалағыштарды бірден іске қоссаңыз, олардың жетек қозғалтқышына зиян тигізуіңіз мүмкін.


Мұз көлікті қалай бұзады?

Көліктің шанағында қатып қалған мұздың ең жағымсыз тұсы – шанақты бұзуды бастауы. Егер көліктің шығарылғанына 5-10 жылдан асқан болса (көп нәрсе оның брендіне де байланысты), шанақ бөліктерінің түйіскен жерлерінде бояулар мен қорғаныс тығыздағыштарының алғашқы жарықтары пайда болады. Мұз еріген кезде бұл жарықтарға түсетін су көлемі ұлғаяды және қосылыстардың орнын бұзады. Сонымен қатар, кейде оның салдарынан дәнекерленген тұстар мен екі бөлік қосылған жердегі тегіс жабын да бұзылады. Әрине, бәрі алдымен микроскопиялық, байқалмайтын деңгейде болады, бірақ коррозияның белсенді процестерін бастау үшін бұл да жеткілікті.


Бұл жағдайда не істеу керек?

Мұндай жағдай орын алып жатқан кезде бірнәрсе істеу қиын. Тек ылғал аз түстеін жаз мезгілінде буындардағы бояулар мен тығыздағыштардың зақымданғанын естен шығармай, оларды қалпына келтіру арқылы жол бермеуге болады. Бірақ көптеген автокөлік иелері әдетте темір тұлпарларын мұқият зерттемейді. Осыған байланысты, автомобильдердәі қызмет ету мерзімі қысқара түседі.


Көлік шанағын мұздан қалай сақтауға болады?

Көліктің бояуын мұз зиянынан қорғау өте оңай. Ылғал лак пен бояудың микрокректеріне енбеуі үшін қыстың қарсаңында шанаққа қорғаныс лагын жағу керек – ол қатты балауыз деп аталады (бірақ кейде сұйық препарат түрінде болады). Қорғаныс балауызын көлік жуу кезінде машинаға қолданылатын сұйық балауызбен шатастыруға болмайды. Қорғаныс балауызы бояу жабынындағы барлық микрокректерді жабады, оларға су кірмейді, сәйкесінше жабынды бұзбайды.

Қосымша бонус ретінде сіз бояу жабынын қатты қар мен мұз бөлшектерінің салдарынан болатын ұсақ сызаттардан қорғайсыз. Қорғаныс балауызы көлік бояуының табиғи жылтырлығын ұзақ сақтайды.


Қысқаша айтқанда

Көлікке қатқан мұзды мәжбүрлі түрде тазалаудың қажеті жоқ. Ең бастысы –терезелер мен есіктердің тұтқаларын босату. Мұз қабаты іс жүзінде тұрақсыз және температураның, күн сәулесінің және дірілдің өзгеруіне байланысты аз ғана уақытта өздігінен еріп немесе жарылып кетеді. Бірақ балауызға қатысты кеңес ескерілуі керек.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КӨЛІГІ ДИЗЕЛЬМЕН ЖҮРЕТІНДЕРГЕ КЕҢЕС: Қыста қиын болмасын десеңіз


МАЙ – ҚАРАЯДЫ, МЕХАНИКА – ҮНЕМДЕЙДІ: Автокөлік әлеміндегі ЕҢ ТАНЫМАЛ, бірақ ПАЙДАСЫЗ мифтер

Бөлісу