Қыста терезе жууға арналған сұйықтықтың ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?

0
154

Терезе жуғыш сұйықтықты сатып алғанда неге мән беру керек?


Қыста терезе жууға арналған сұйықтықтың ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?

фото: ашық дереккөзден

Қыста ауа температурасы төмендеп, көлік терезесін жууға арналған суыққа қатпайтын сұйықтықтың саудасы жүреді. Ал, нарықта мұндай сұйықтықтың түр-түрі бар. Сондықтан олардың әрқайсысының қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін және таңдау кезінде неге назар аудару керектігін біліп жүрген дұрыс.


Сарапшылардың айтуынша, сұйықтық суықта қатып қалмауы үшін құрамында кристалдану температурасы төмен компонент болуы керек, әдетте бұл – алкоголь. Теориялық тұрғыдан алғанда тұзға негізделген ерітінділерді қолдануға болады, бірақ кристалданудың және кейіннен жүйенің бітелуінің жоғары ықтималдығы бұл әдісті қолайсыз етеді.


Жалпы суықта қатпайтын сұйықтықтарды өндіруде алкогольдің үш түрі қолданылады екен: этил, метил және изопропил.


Этилдің негізгі артықшылықтары – төмен уыттылық, әлсіз иіс және әйнекті тазартудың жоғары тиімділігі. Дегенмен, мұндай сұйықтықты табу өте қиын, тапқан күннің өзінде акциздік алымның әсерінен бағасы өте қымбат болып шығады.


Ең көп таралған алкоголь - изопропил. Акциздің болмауына байланысты мұндай сұйықтықтар қолжетімді бағамен сатылады және кез-келген дүкенде кездеседі. Дегенмен, бұлар кірді жақсы тазартпайды, хош иістендіргіштермен бейтараптандырғанның өзінде химиялық иісін жою қиын және буы салонда отырған адамдардың басын ауыртып, көзіне еріксіз жас келтіруі мүмкін.


Сапасы ең жоғары, терезені тап-таза етіп жууға көмектесетін сұйықтықтардың құрамында метанол болады екен. Сонымен қатар мұндай сұйықтық арзан және өткір иіссіз болып келеді. Бірақ бұл заңсыз, өйткені метил спирті улы, сонымен қатар теріге тиюі улануға әкелуі мүмкін деп саналады.


Дегенмен, автокөлік сарапшылары бірнеше рет жоққа шығарған. Олардың айтуынша, мұндай сұйықтықтар адамның ішіне енгенде ғана денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Алайда, таңдау автокөлік иесінде болғандығымен, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін және ресми сертификатталмаған өнімдер пайдалануды ұсынбайды.


Жалпы, терезе жуғыш сұйықтықты аяз басталғанға дейін ауыстырып қойған абзал. Кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Егер резервуарда кәдімгі су немесе жазға арналған жуу сұйықтығы қалып қойса, нөлден төмен температура басталған кезде жылы тұрақ іздеп, оны еріту керек болады. Айтпақшы, мұндай сұйықтықты шашу тетігін үздіксіз қолданбаған жөн. Себебі, мұндай әрекетпен жүйенің қозғалтқышын қыздырып алуыңыз мүмкін. Терезе сұйықтығын шамамен 30-40 секунд аралықпен шашқан дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:


Қыста жол апаты НЕЛІКТЕН КӨП БОЛАДЫ және одан ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК?

Бюджеттік көліктердің «ЖАСЫРЫН» АҚАУЛАРЫ: 5 жылда қандай проблемалар пайда болуы мүмкін?
Бөлісу