Автокөлік туралы СІЗ бен БІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

0
249

Неліктен рөл сол жақта немесе оң жақта болуы керек?


Автокөлік туралы СІЗ бен БІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

Автокөлік тарихы сіз бен біз біле бермейтін қызықты деректерге толы. Оларды білудің қандай да бір пайдасы болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгін ең қызықты он деректі назарларыңызға ұсындық.


1. Алғашқы бензинмен жүретін көлік – патенттелген моторваген

Шығарылған жылы - 1886.

1886 жылы Карл Бенц Benz Patent-Motorwagen деп аталатын алғашқы көлікті патенттеді. Бұл бензин тұтынатын қозғалтқышпен жабдықталған үш доңғалақты көлік болды. Ол қазіргі заманғы автомобиль өнеркәсібінің ізашары десек қаттелеспейміз.


2. Автокөлік жылдамдығының рекорды

Автокөлік тарихындағы ең жылдам көлік - Thrust SSC.

1997 жылы британдық жүргізуші Энди Грин Thrust SSC көлігімен жылдамдық рекордын орнатқан. Ол 1228 км/сағ жылдамдыққа жеткізген екен.


3. Әлемде қанша көлік бар?

Әлемде қанша көлік бар екенін нақты айту қиын, өйткені әр елде статистика әртүрлі жиналады. Бірақ соңғы болжамдарға сүйенсек, 2025 жылдың соңындағы деректер бойынша әлемде шамамен 1,6 миллиард көлік тіркелген. Оның 1,2 миллиардтан астамы жеңіл көліктер,300–350 миллионы жүк көліктері мен автобустар болса, 150–200 миллионы мотоциклдер. 2010 жылдан бері әлемде көлік саны жыл сайын шамамен 3–4% көбейіп келеді. Ең жылдам өсу Азия елдеріне (Қытай, Үндістан) тиесілі. Солтүстік Америка мен Еуропада өсім баяу.


4. Әлемдегі ең қымбат көлік

Аукциондағы рекордтық бағаның иесі – Ferrari 250 GTO.

1963 жылы шығарылған Ferrari 250 GTO көлігі 2018 жылы рекордтық баға – 70 миллион долларға сатылған. Бұл модельдің қымбат болуы оның сирек кездесетіндігіне (барлығы 36 дана) және тарихи құндылығына байланысты. Осы ерекшеліктері көлікті коллекционерлер үшін ең таңдаулы нұсқалардың біріне айналдырған.


5. Неліктен рөл сол жақта немесе оң жақта болуы керек?

Оң жақтағы рөл Ұлыбритания, Үндістан және Жапония сияқты Британдық ықпалды елдерде кеңінен таралған. Ал басқа елдерде рөл бағанасы сол жақта орналасқан. Бұл әскери және көлік логистикасының тарихи ерекшеліктерімен байланысты.


6. Автомобильдер арасындағы сенімділік бойынша көшбасшылар

Toyota және Honda компаниялары жылдар бойы сенімділік рейтингінде көш бастап келеді. Toyota Corolla және Honda Civic сияқты модельдер ұзақ қызмет етуімен танымал және күнделікті қолдануға қолайлы. Сонымен қатар, Tesla және BMW өнімділік пен инновациялық технологияларға көбірек көңіл бөледі.


7. Электромобильдердің экологиялық рөлі

Қазір электромобильдер танымалдылыққа ие. Өйткені олар жұмыс кезінде CO₂(көмірқышқыл газы) шығармайды. Бірақ, бұл көліктерді өндіру, әсіресе батареялар үшін литий өндіру табиғатқа әсер етеді. Дегенмен, көптеген елдер 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында электр көлігіне көшуді қолдайды деген болжам бар. Және бұл болжам шындыққа айналып келе жатыр.


8. Автокөлік саласындағы жетістік – автопилоттар

Заманауи көліктер жүргізушіге көмек көрсету жүйелерімен (ADAS), соның ішінде автопилоттармен жабдықталған. Олар көлік жүргізуге, жолақты ұстауға және тұраққа қоюға көмектеседі. Толық автономды көліктер әлі де сынақтан өтуде, бірақ 2030 жылға қарай көптеген көлік жүргізушінің қатысуынсыз-ақ жүре алатын болады деп болжануда.


9. Автокөлікте кондиционердің пайда болуы

Пайда болған жылы – 1939 жыл.

Кондиционерді алғаш рет 1939 жылы Packard компаниясы өндірістік көлікке орнатқан. Ол кезде құрылғының бүкіл магистральі қолмен қосылған. Содан бері технология айтарлықтай дамыды және климаттық бақылау көптеген көліктердің ажырамас бөлігіне айналды.


10. Ең танымал автомобиль түстері

Түс көшбасшылары: ақ, қара және күміс.

Ақ түс бүкіл әлемдегі автокөлік жүргізушілері арасында ең танымал болып қала береді, одан кейінгі орында қара және күміс түстер. Ақ түс тек стильді ғана емес, сонымен қатар ыстық елдер үшін өте қажет болып саналады. Өйткені ақ түс ысқытқ ауа райында да салонды салқын ұстауға көмектеседі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ҚАЙСЫСЫН ТАҢДАҒАН ДҰРЫС: Кондиционер немесе климаттық бақылау?


Жазда қыстық шиналарды ҚАЛАЙ САҚТАУ ҚАЖЕТ?

Бөлісу