​Конституциялық реформа – қоғамның орнықты дамуына бағытталған қадам

0
673

Жаңа конституциялық өзгерістердің басты бағыттарының бірі – жалған ақпарат таратудың алдын алу.


​Конституциялық реформа – қоғамның орнықты дамуына бағытталған қадам

Бүгінде елімізде Конституциялық реформа іске асырылып жатыр. Осы орайда атқарылып жатқан Конституциялық кеңестің жұмысы – ел дамуының жаңа кезеңіне сай құқықтық негізді нығайтуға бағытталған маңызды үдеріс деп ойлаймын. Бұл бастама мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға жол ашпақ.


Жаңа конституциялық өзгерістердің басты бағыттарының бірі – жалған ақпарат таратудың алдын алу. Ақпараттық қауіпсіздік бүгінгі цифрлы дәуірде ерекше маңызға ие. Осыған байланысты заңнамалық деңгейде жауапкершілікті күшейту, сонымен қатар сөз бостандығы мен азаматтардың ақпарат алу құқығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау – уақыт талабы. Бұл қадам қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың саналы түрде таңдау жасауына ықпал етеді.

Сонымен қатар реформа білім беру, ғылым, мәдениет пен инновация салаларының құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған. Білім мен ғылымды дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты фактор. Конституциялық деңгейде бұл салаларға қолдау көрсету адами капиталдың сапасын арттырып, жас ұрпақтың әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді. Ал мәдениетті қорғау мен дамыту – ұлттық бірегейлікті сақтаудың кепілі болса, инновацияны қолдау – экономиканың жаңа драйвері.

Адам құқығын қорғау мәселесі реформаның негізгі өзегіне айналып отыр. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, әділ сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету – құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарттары. Бұл бағыттағы өзгерістер халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтады.

Цифрландыру саласындағы конституциялық және заңдық жаңашылдықтар да ерекше назарға аударуға лайық. Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру, дербес деректерді қорғау және цифрлық құқықтарды тану – заманауи қоғамның қажеттілігі. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпы алғанда, Конституциялық реформа мен Конституциялық кеңестің жүйелі жұмысы – еліміздің демократиялық тұрғыдан дамуына, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.

Нұржан Сейтжанов,
Түркістан облыстық мәслихат депутаты.
Бөлісу