фото: unsolvable.com
ERNUR.KZ. Жаңа тәртіпке сәйкес, бір реттік визаның құны 3 мың иеннен 15 мың иенге дейін өседі. Бұл шамамен 90 АҚШ долларына тең, деп жазады baq.kz.
Жапония үкіметі шілде айынан бастап шетел азаматтарына берілетін бір реттік кіру визасының алымын бес есеге арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Kyodo агенттігі жазды.
Жаңа тәртіпке сәйкес, бір реттік визаның құны 3 мың иеннен 15 мың иенге дейін өседі. Бұл шамамен 90 АҚШ долларына тең. Сонымен қатар елге белгіленген мерзім ішінде бірнеше рет кіруге мүмкіндік беретін көп мәртелік визаның алымы 6 мың иеннен 30 мың иенге дейін қымбаттайды.
Жапония билігі мұндай шешімнің қабылдануына инфляция мен ұлттық валютаның әлсіреуі себеп болғанын мәлімдеді. Бұл – 1978 жылдан бері визалық алымдардың алғашқы рет көтерілуі.
Жапонияның сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги жаңа өзгерістердің елге келетін туристер санына бірден әсер ете қоймайтынын айтты.
Ресми Токио визалық алымдарды арттыру арқылы оларды «Үлкен жетілік» елдеріндегі деңгейге жақындатуды көздеп отыр.


