​Техас штатында турнирге бара жатқан спорт командасы ұшақ апатынан қаза тапты

0
101

Ұшақ Амарилло қаласынан ұшып шығып, Нью-Браунфелс бағытына бет алған.


​Техас штатында турнирге бара жатқан спорт командасы ұшақ апатынан қаза тапты

Фото: BILD

ERNUR.KZ. Өткен түні Teхас штатында шағын ұшақ әуеде отқа оранып, апатқа ұшырады. Cessna 421C бортында пиклбол командасының бес ойыншысы болған. Барлық жолаушы мен ұшқыш оқиға орнында қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Ұшақ Амарилло қаласынан ұшып шығып, Нью-Браунфелс бағытына бет алған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат алдында әуеде техникалық ақау туындаған болуы мүмкін.

Турнирге бет алған екінші ұшақтың пилоты апатқа ұшыраған ұшақпен қатар ұшып келе жатқан.
Әуе диспетчері де апат алдында ұшақтың ерекше маневр жасағанын хабарлады.
— Ол әдеттен тыс қозғала бастады да, кейін радардан жоғалып кетті, — деді ол.
Қайғылы оқиға клуб пен бүкіл қала тұрғындарын есеңгіретіп тастады. Amarillo Pickleball Club мәліметінше, қаза тапқандар турнирге бара жатқан.
Пиклбол — теннис, бадминтон және үстел теннисінің элементтерін біріктіретін ракеткалы спорт түрі. Ол әдетте шағын алаңда ойналады.
Ұшақтың не себепті құлағаны әзірге белгісіз. Билік өкілдерінің айтуынша, әуеде басқа ұшақпен соқтығыс белгілері анықталмаған.
Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) тергеу жүргізіп жатыр.