Жоғалғандардың арасында 391 шетелдік турист және 93 непалдық азамат бар.
Фото: Анадолы
ERNUR.KZ. Сәрсенбіде Непалдың солтүстігінде болған су тасқынынан кем дегенде 95 адам қаза тауып, тағы 484 адам із-түзсіз жоғалды, деп жазады inform.kz.
Бұған дейін Багмати провинциясы полициясының ресми өкілі Раджендра Прасад Дхамала қауіпсіздік күштері зардап шеккен аудандардан 88 адамды құтқарғанын хабарлады.
Непал премьер-министрі Балендра Шах құтқару жұмыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын талқылау үшін үкіметтің шұғыл отырысын өткізді.
Ақпаратты Kazinform үшін арнайы Синьхуа серіктес агенттігі ұсынған.
Осыған дейін Непал-Қытай шекарасында су тасқынынан кейін жүздеген турист із-түзсіз жоғалғанын жаздық.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасы аумағында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.


