Сол концерт кезінде 29 жастағы Ахмади хиджабсыз өнер көрсетіп, патриоттық "Az Khoone Javanane Vatan" ("Отан жастарының қанынан") әнін орындаған.
Фото: theguardian.com
ERNUR.KZ. Ирандық әнші мен оның командасының сегіз мүшесі 74 дүре соғу жазасына кесілді. Жаза әншінің YouTube арнасында хиджабсыз өнер көрсеткені үшін қолданылған, деп жазады Stan.kz.
Сол концерт кезінде 29 жастағы Ахмади хиджабсыз өнер көрсетіп, патриоттық "Az Khoone Javanane Vatan" ("Отан жастарының қанынан") әнін орындаған. Бұл бейне көп ұзамай әлеуметтік желілерде кең тараған.
Видео жарияланғаннан кейін көп ұзамай Ахмади музыканттарымен бірге ұсталған, бірақ олар тез арада босатылған. Тек біраз уақыт өткен соң ғана оларға қатысты ресми іс қозғалған.
Нәтижесінде Кум провинциясының қылмыстық соты әртістерді қоғамдық моральға нұқсан келтірді деген айыппен дүре соғу жазасына, елден шығуға екі жылдық тыйымға және шығармашылық қызметпен айналысуға екі жылға шектеу қоюға үкім шығарды. Айыптаулар арасында интернетте "дөрекі әрі әдепсіз контент жасап, жариялау арқылы қоғамдық әдеп нормаларын бұзу" бабы да болған.


