Германия көмірден толықтай бас тартпақ

0
1 097


Германия көмірден толықтай бас тартпақ

Германияда 2038 жылға дейін көмірден толықтай бас тарту көзделіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews -ке сілтеме жасап ERNUR.KZ сайты.

Орталық Еуропада орналасқан бұл мемлекеттің үкіметінде көмір өндіру мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясы бар. Олар федерал жерлерге көмірден электр көзі ретінде пайдаланудан толықтай жоспарлы бас тарту мақсатында 40 миллиард еуро бөлу туралы шешім қабылдады. Аталмыш өңірлер 20 жыл бойында жыл сайын 1,3 миллиард еуро көлемінде субсидия алып отырады. Қосымша 700 миллион еуро Берлиннен келесі 20 жыл бойында федерал жерлер бюджетіне түседі. 2017 жылы ГФР-де электр энергиясын өндіру мақсатында қолданылатын отынның барлық түрінің 40 пайызы көмір жағудан алынып келген.

Бұл маңызды шешімді қабылдаудағы негізгі себеп - соңғы уақытта ушығып отырған ауаның ластануы. Германияда қазіргі уақытта көмір өндіретін шахта жоқ, соңғысы 2018 жылдың желтоқсанында жабылған. Бұл ел көмірді өзге елдерден импорттайды.


Бөлісу