Қазақстанның “Бүркіт“ арнайы жасағына алғаш рет “Китана“ атты қыз қосылды

0
114

Қазақстанда алғаш рет әйел әскери қызметші ІІМ Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы жасағының жауынгерлік құрамына қабылданды.


Қазақстанның “Бүркіт“ арнайы жасағына алғаш рет “Китана“ атты қыз қосылды

Бейнеден кадрлар

ERNUR.KZ. "Китана" деген шақыру есімімен танымал Қымбат Дубайда өткен халықаралық жарыстарда арнайы бөлімше сарбаздарының назарын аударған. Оның қоржынында ондаған спорттық марапат бар, ал алда күтіп тұрған сынақ – күрең берет алу, деп жазады tengrinews.kz.

Халықаралық командадан арнайы жасаққа дейін

Қымбаттың "Бүркіт" жасағына барар жолы Дубайдағы SWAT Challenge жарысынан басталды. Онда ол Қазақстан намысын қорғаған "Томирис" әйелдер командасының сапында өнер көрсеткен.

Сол кезде қазақстандық спортшылар әйелдер санатында бірінші орынды иеленді. Жалпы командалық есепте құрама бірнеше ерлер ұжымын артқа тастап, 18-ші орынға табан тіреді.

Жарыс барысында Қымбат өзін мерген атқыш ретінде көрсете білді. Оның шеберлігін "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің сарбаздары байқап, жасаққа қосылуға ұсыныс тастаған. Қыз бұл ұсынысты қабыл алып, аталған арнайы бөлімше тарихындағы тұңғыш әйел жауынгер атанды.

Қазақстанның алты дүркін чемпионы

Қымбаттың спорттағы тәжірибесі мол. Ол қоян-қолтық ұрыстан алты рет Қазақстан чемпионы атанған, әлем чемпионатының күміс және екі қола жүлдесін иеленген, сондай-ақ Әлем кубогінің, Еуропа және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері болды.

Джиу-джитсудан Қымбат әлем және Азия чемпионатында үш рет жеңіске жетіп, екі рет Еуропа чемпионы атанды. ММА-да Қазақстан және Азия чемпионы атақтарын жеңіп алса, жауынгерлік самбодан ел чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.

Дүниежүзілік полиция ойындарында спортшы дзюдодан алтын, джиу-джитсудан күміс медаль еншіледі.

Қымбат – қоян-қолтық ұрыс пен джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ самбо мен ММА-дан спорт шебері.

Келесі мақсат – күрең берет

Енді Қымбатты тағы бір күрделі сынақ күтіп тұр – ол күрең берет кию құқығына ие болуы керек. Ол үшін қыз физикалық дайындық, төзімділік пен рух мықтылығына арналған тексерістен өтуі тиіс.

Егер ол бұл сынақтан сәтті өтсе, Ұлттық ұлан тарихында күрең берет кию мәртебесіне ие болған алғашқы әйел атанбақ.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ҚР Ұлттық ұланының (@ulttyq_ulan_resmi) жария