Берлиндегі қонақүйден министрдің денесі табылды

0
135

Бұл туралы BILD жазды.


Берлиндегі қонақүйден министрдің денесі табылды

Фото: Paul Zinken

ERNUR.KZ. 4 қарашада Берлиндегі қонақүйлердің бірінен Баварияның экономика министрі әрі премьер-министрінің орынбасары Хуберт Айвангердің денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

BILD мәліметінше, "Еркін сайлаушылар" партиясының 55 жастағы өкілі Хуберт Айвангер Берлинде партия кеңсесінің ашылуында сөз сөйлеуі керек болған. Алайда денсаулығына байланысты бас тартқан.

Ол өзін нашар сезінген соң Фридрихштрассе көшесіндегі қонақүйінде қалған. Қызметкерлер оның бірдеңе жұқтырып алған болуы мүмкін екенін айтады. ХСС (CSU) парламенттік тобында оның асқазан-ішек жолдарына қатысты мәселелері болғанын хабарлады.

Депутат қайтыс болар алдында жақын серіктестері онымен байланысуға тырысқан, алайда бұл әрекеттері нәтиже бермеген. Кейін саясаткердің денесі Берлиннің Митте ауданындағы Фридрихштрассе көшесінде орналасқан "Neuer Fritz" қонақүйінің бөлмесінен табылды.

Әзірге саясаткердің өлім себебі анықталған жоқ. Берлин полициясы мен прокуратурасы оның қазасына қатысты мән-жайды және оқиғаға өзге адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу бастады.

Баварияның премьер-министрі Маркус Зёдер әлеуметтік желідегі парақшасында саясаткердің қазасына байланысты көңіл айтты.

"Хуберт Айвангердің кенеттен қайтыс болуы – нағыз қайғылы жағдай. Бәріміз бұл хабардан қатты күйзелдік. Қазір ең алдымен оның отбасы мен балаларына көңіл айтамыз", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.