Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

0
95


Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

ERNUR.KZ. Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 7,8 болған жойқын жер сілкінісінен кейін кейбір аудандарда теңіз түбі шамамен екі метрге көтерілді, деп жазады Zakon.kz.


Осының салдарынан жағалау сызығы кей жерлерде 200 метрге дейін ұлғайып, маржан рифтері мен теңіз шөптерінің алқаптары су бетіне шығып қалған. Бұл туралы The Guardianбасылымы жазды.

Мамандар Сарангани және Давао-Оксиденталь провинцияларында теңіз түбінің үлкен аумақтары ашылып қалғанын тіркеді. Жарияланған суреттерден қырылған балықтар мен теңізде тіршілік ететін басқа да ағзаларды көруге болады.

Қоршаған орта министрлігінің мәліметінше, маржандар, теңіз шөптері және оларды мекендейтін балықтар, жыланбалықтар, ұлулар мен өзге де теңіз жануарлары жаппай қырыла бастаған. Өзгерістерді алғаш болып жергілікті тұрғындар байқап, шіріп жатқан теңіз жануарларынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін деп қауіптеніп, билікке хабарлаған.

2026 жылғы 8 маусымға қараған түні Филиппиндегі Минданао аралының оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,8 болатын жойқын жер сілкінісі болды.

Биліктің мәліметінше, табиғи апат салдарынан кемінде 61 адам қаза тауып, тағы 40-қа жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.