ДДҰ Эбола індетіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады

0
110

Бірақ бұл пандемия жарияланды дегенді білдірмейді.


ДДҰ Эбола індетіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады

Фото: primeminister

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы Эбола безгегінің өршуін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды, деп жазады baq.kz.

ДДҰ мәлімдемесінде ұйымның бас директоры мүше мемлекеттермен кеңескеннен кейін Бундибугио вирусынан туындаған ауруға байланысты осындай шешім қабылдағаны айтылған.

Ұйым өкілдері бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай екенін, алайда пандемия жарияланғанын білдірмейтінін ерекше атап өтті.

ДДҰ дерегінше, Конго Демократиялық Республикасының үш ауданында аталған аурумен байланысты болуы мүмкін 80 адам өлімі тіркелген. Сондай-ақ 246 адамнан инфекция анықталып, оның сегізі зертханалық жолмен расталған.

Ал Угандада сырттан әкелінген екі инфекция жағдайы тіркелген. Оның бірі өліммен аяқталған.