Біріккен Араб Әмірліктері тағы бір ұйымнан кетті

0
135

Әмірліктер 58 жыл бойы бұл ұйымға мүше болған.


Біріккен Араб Әмірліктері тағы бір ұйымнан кетті

Фото: azertag.az

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ ұйымдарынан кейін Араб мұнай экспорттаушы елдер ұйымы – ОАПЕК-тен де шықты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұйымның бас хатшылығы БАӘ-ге ұйымға мүше болған кезеңіндегі рөлі мен мұнай-энергетика саласындағы араб елдерінің бірлескен жұмысына қосқан белсенді үлесі үшін алғыс айтады", – деп хабарлады ОАПЕК баспасөз қызметі.

1 мамырда Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымының құрамынан шыққан болатын. БАӘ сұраныс пен нарық жағдайына қарай өндірісті арттыруға ниетті. ОАПЕК пен ОПЕК екі бөлек ұйым болып саналады. ОПЕК 1960 жылы Бағдад қаласында құрылды, ұйым құрамында мұнай өндіруші 12 ел бар.

ОАПЕК ұйымы 1968 жылы пайда болды. Оның ОПЕК-тен айырмашылығы – мұнай өндіру көлеміне квота немесе баға белгілеуге қатысы болмауында. Ұйым араб елдері арасында қара алтын саласындағы бірлескен жобаларды іске асырумен айналысады. Енді ОАПЕК құрамында 10 мемлекет қалды: Алжир, Бахрейн, Мысыр, Ирак, Кувейт, Ливия, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия және Тунис. БАӘ 58 жыл бойы осы ұйымның мүшесі болды.