Сурет: prochepetsk.ru
Визуалды бейнелерге негізделген психологиялық тесттер адамның тереңде жатқан мінез ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Сізге өзіңізді жақсырақ тануға көмектесетін қызықты тест ұсынамыз.
Елестетіп көріңіз: Сіз күту залындасыз. Айналаңызда отыруға болатын үш түрлі орын бар. Қайсын таңдар едіңіз?
Сіздің таңдауыңыз өміріңізге жиі кедергі келтіретін ішкі мәселелерді ашып береді.
Бірінші орындықты таңдасаңыз:
Сіз – сақтықты және дәстүрлі ұстанымды ұстанатын адамсыз. Айналаңызбен арақашықтық сақтауды жөн көресіз, бұл сіздің өміріңізді тыныш әрі тұрақты етеді. Бірақ дәл осы қасиетіңіз сізге жайлы зонадан шығуға кедергі келтіруі мүмкін.
Кеңес:
Әлемге ашыла біліңіз. Жаңа таныстықтар, жаңа мақсаттар мен қызығушылықтарға жол беріңіз. Кейде қалыптан тыс әрекет жасап көру өмірдің шынайы дәмін сезінуге мүмкіндік береді.
Екінші орындықты таңдасаңыз:
Сіз – ең алдымен өзіңізге адал адамсыз. Қателіктеріңізді мойындай аласыз, кінәні өзгелерге артпайсыз. Бірақ кейде өзіңізге тым қатал бақылаушыға айналып кетесіз. Бұл уайымшылдыққа жетелеп, өмірден ләззат алуға кедергі келтіруі мүмкін.
Кеңес:
Өзіңізге мейірімді болуды үйреніңіз. Себебі сізге өзіңізден артық ешкім қамқорлық жасай алмайды.
Үшінші орындықты таңдасаңыз:
Сіз – шын жүректен жақсы көре алатын адамсыз. Өзіңізді де, өзгелерді де. Рухани құндылықтарды материалдық дүниеден жоғары қоясыз. Сондықтан ішкі әлеміңіз бай, бағалы. Бұл сіздің жаныңыздың кеңдігін, тереңдігі мен биіктігін көрсетеді.
Кеңес:
Жер бетіндегі қуаныштарды да ұмытпаңыз. Армандар мен шынайы өмірдің, ішкі әлем мен сыртқы байланыстардың арасындағы тепе-теңдікті ұстануға тырысыңыз. Бұл сізге сенімді болуға, байланыстарды нығайтуға және өмірден ләззат алуға көмектеседі.
Аударған: Керім БЕК,