Болмысыңыздың құпияларын бір минутта ашып береді

0
188


Болмысыңыздың құпияларын бір минутта ашып береді

Адамның денесі мінезі туралы көп нәрсе айта алады. Мысалы, алақанға қарап біраз дүниені аңғаруға болады. Алақандар жаңа қалыптасқан кезінен бастап, адамның өмірінің соңына дейін өз пішінін сақтайды.

Алақан пішініне арналған бұл визуалды тест сіздің әлсіз әрі күшті жақтарыңызды анықтауға көмектеседі. Тесттен өту үшін суреттегі нұсқалармен салыстыра отырып, өз қолыңыздың пішінін анықтауыңыз қажет.


1-алақан – ЖЕР

Алақан шар тәрізді, саусақтар қысқа

Сіз әрқашан нақты күн тәртібін ұстанатын, белсенді әрі төзімді адамсыз. Әлсіз жағыңыз – не өзгемен, не өзіңізбен сыйыспайтын қырсық мінезіңіз. Өз пікіріңізге тым қатты байланып қаласыз, өзгелердің көзқарасын қате деп қабылдайсыз. Осы себептен, жағдайға басқаша көзқараспен қарау сізге қиын.


2-алақан – ОТ

Алақан тікбұрышты, саусақтар қысқа

Сіздің ең үлкен артықшылықтарыңыз – мақсатқа ұмтылғыштық, құштарлық пен белсенділік. Алайда тез жалығасыз және зейін қоюда қиындықтар туындайды. Тіпті, сіздің ынтаңыз да ұзаққа бармайды, өйткені ойыңыз жан-жаққа тез шашырап кетеді.


3-алақан – СУ

Алақан тікбұрышты, саусақтар ұзын

Сіз кез келген жағдайға бейімделе аласыз. Бұл қасиетке күшті интуицияңыз көмектеседі. Сонымен қатар, өте мейірімді, жанашыр адамсыз. Бірақ сіздің басты әлсіздігіңіз бар – шешім қабылдау қиыншылығы. Бұл өзіне сенімсіздік, тұрақсыздық, құбылмалылық сияқты салдарларға алып келеді. Сол арқылы өміріңізге үлкен кедергі келтіріп, жоспарларыңызды бұзуы мүмкін.


4-алақан – АУА

Алақан шар тәрізді, саусақтар ұзын

Өте ойлы, қызығушылығы мол әрі ақылды адамсыз. Осы себепті сізді бәрін білгіш деп ойлап, ақыл-кеңес сұраушылар көп болады. Көбіне сіздің күткеніңіз шынайылықтан алшақ, тіпті кейде өзіңізді тым жоғары ұстайсыз. Соның салдарынан айналаңыздағы адамдармен тіл табысу қиынға соғады.

Аударған: А. Керім Бек,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Адамдармен тіл табыса алмайтындар кімдер?