"ҰЙҚЫДАҒЫ ГҮЛДЕРГЕ" қауіп көп. Қыста күтімді КҮШЕЙТУ КЕРЕК

0
4 574

Қысқы маусымда бөлме гүлдері үшін бірінші қауіп – құрғақ ауа және жылыту құрылғылары.


Қыс мезгілінде өсімдіктердің негізгі бөлігі тыныштық кезеңіне кетеді. Алайда олардың ауруы мен зиянкестері де "демалады" деген сөз емес. Қыста өсімдіктердің қурап, ауырып қалуы, негізінен дұрыс күтім жасалмағаннан болады.


Тыныштық кезеңіндегі ауру өте қауіпті

Қысқы маусымда бөлме гүлдері үшін бірінші қауіп – құрғақ ауа және жылыту құрылғылары. Құрғақ ауа гүлдерде болатын өрмекші кененің жайылуына қолайлы. Ол кез-келген өсімдіктің біріне жабысып алуы мүмкін. Сондықтан топырақтың ылғалдығын ғана емес, ауаның да құрғап кетпеуіне де мән берген жөн. Егер өсімдіктерге өрмекші кене түскен болса, онда алғашқы қадамды оларға су бүркуден бастау керек. Суды сабынмен немесе пияз, сарымсақ сығындысымен араластырып бүркіген жөн. Егер оған кетпесе жәндікжойғыш (инсектицид) пайдалануға тура келеді.


Ескерту! Су бүркігенде топырақ қатты ылғалданып кетпеуі қажет. Күн салқында қатты ылғалға саңырауқұлақ зеңі пайда болады, өсімдіктің тамыры шіри бастайды. Гүл өсірушілер қысқы маусымда өсімдік ыдысындағы топырақ толық кеппей суғармаған жөн дейді. Шамамен үш аптада бір рет суғару керек. Ал кактус секілді гүлдерді мүлде суғармауға да болады. Сондай-ақ суғарғаннан кейін ыдыс тәрелкесіне аққан суды төгіп тастау керек.


Қыста өсімдіктерде кездесетін ауру түрлері:

Жапырақтың сарғаюы

Мұның негізгі себебі судың жетіспеуі немесе керісінше шектен тыс суғару. Сонымен бірге сарғаю өсімдіктің қай бөлігінен басталғанына мән берген дұрыс.

  • Егер өсімдіктің төменгі бөлігі сарғайып бастаса, онда оған су көп құйылған немесе өкпек желде тұрып қалған.
  • Ал жоғарғы бөлігі сарғайса құйылған су тұзды, хлорлы болған болуы мүмкін.


Жапырақтар оралып және түсе бастаса...

Мұндай кезде бірінші кезекте температураны өзгерту керек. Өсімдікке не тым ыстық немесе тым салқын болып тұр. Сондай-ақ мұндай белгілер ылғалдың жетіспеушілігі мен өкпек жел салдарынан да болады. Егер өсімдік жақын арада жаңадан қондырылған болса онда жапырақтың түсуі қалыпты жағдай.


Өсуі баяулайды

Бұл о баста топырақтың дұрыс таңдалмауынан орын алатын жағдай. Сондай-ақ бұл өсімдіктің минералды тыңайтқышты қажет етіп тұрғанның белгісі. Жапырақтың майдаланып кетуі де осы жағдайлардан орын алады. Егер топырақты ауыстырып, тыңайтқыш берілген болса да мәселе кетпесе, онда себепті суғару мен жарықтың түсуінен іздеу керек. Бұл тек қысқы маусымда өсуін тоқтатпайтын кейбір өсімдіктерге арналған. Негізінен бөлме гүлдерінің басым бөлігі көктемге дейін тыныштық кезеңіне көшеді.


Жапырақтың түсі өңсізденіп, сола бастайды

Мұндай кезде жарық маңызды. Алдымен жапырақтарды мұқият қарап шығып, өрмекші кененің бар жоғын анықтап алу керек. Егер ол жоқ болса, онда өсімдікті жарық мол түсетін жерге қойған дұрыс.


Жапырақ ұшы мен шеттері қоңырқай тартады

Бұл ауаның тым құрғақ, ыстық болуынан орын алады. Егер температура қалыпты болса, онда өсімдікке калий жетіспей тұр.


Жапырақтағы дақтар

Өсімдіктегі дақтар түріне қарай бірнешеге бөлінеді. Егер жапырақтағы дақтың беті құрғақ болса, онда өсімдікті фунгицид көмегімен саңырауқұлақ зеңінен емдеу керек.

Ал дақ түссіз және сулы болса, онда мәселе бактериалды ауруда. Ол кезде антибиотикті суда ерітіп құю керек.


Жапырақ пен сабағының шіри бастауы

Бұл жерде бар мәселе дренаждың нашар болуында немесе судың шамадан артық құйылуында. Мұндай кезде міндетті түрде топырақты ауыстыру қажет болады.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


МҰНЫ БІЛЕТІН БЕ ЕДІҢІЗ: Дәптердегі қызыл сызық тышқаннан қорғану үшін жасалған


Көкөністерді қыста ДӘРЕТХАНА ҚАҒАЗЫНДА өсіруге болады