Түркістандық спортшы аударыспақтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

0
88

Дүбірлі додаға әлемнің 12 елінен келген үздік балуандар қатысып, ұлттық спорттың көркін қыздырды.


Түркістандық спортшы аударыспақтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Түркістандық спортшы аударыспақтан екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ресей Федерациясының Татарстан Республикасының Қазан қаласында 24-27 маусым аралығында ересектер арасында аударыспақтан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 12 елінен келген үздік балуандар қатысып, ұлттық спорттың көркін қыздырды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Түркістан облысының спортшысы Ермек Құралбай қарсыластарының бәрінен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Осылайша ол өз мансабында екінші мәрте әлем чемпионы деген мәртебеге ие болды.

Жеңімпазды туған жерінде Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің ұжымы салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті. Түркістан қаласындағы атшабарда ұйымдастырылған кездесуде жанкүйерлер мен спорт сүйер қауым чемпионға ақжарма тілектерін арнап, демеушілердің қолдауымен тұлпар мінгізілді.

Көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген Ермек Құралбай алдағы басты мақсаттарының бірі – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көріну екенін айтты.

Айта кетейік, Ермек Құралбай – Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірті. Оның жеке бапкері – даңқты балуан Сырым Ізбасаров.

Бөлісу