Келушілер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тамашалап, шеберлердің жұмыс барысымен танысты.
Түркістандағы Қолөнершілер орталығында халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістандағы Қолөнершілер орталығында халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті. Ауқымды мәдени шараға қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен шығармашылық индустрия өкілдері қатысып, ұлттық мұра мен заманауи этнодизайн үндескен ерекше туындыларын ұсынды.
Келушілер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тамашалап, шеберлердің жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып, түркі халықтарының мәдени байланысы мен қолөнер дәстүрлері кеңінен насихатталды.
Жәрмеңке аясында бірегей қолөнер бұйымдарының көрмесі, этнодизайн экспозициясы, авторлық коллекциялар таныстырылымы және шеберлік көрсетілімдері өтті. Ұлттық музыка мен ерекше мәдени атмосфера шараның сәнін келтірді.
Халықаралық жәрмеңке Түркістанның мәдени әлеуетін танытып, туризм мен креативті индустрияның дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды.


