Түркістанда кәмелетке толмағандар құқығын қорғауға бағытталған семинар өтті

0
60

Күн тәртібіне сәйкес жауапты сала өкілдері баяндама жасап, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.


Түркістанда кәмелетке толмағандар құқығын қорғауға бағытталған семинар өтті

Түркістанда кәмелетке толмағандар құқығын қорғауға бағытталған көшпелі семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықбұзушылықтарды ерте анықтау және олардың алдын алу жүйесін күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған көшпелі семинар өтті.

«Достық үйінде» өткен семинарға облыс әкімі аппаратының қоғамдық саяси сала мониторингі бөлімі, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары, сондай-ақ аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Көшпелі семинардыоблыс әкімінің орынбасары ЕртайАлтаев ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде жиынның маңыздылығына тоқталып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу өңірдегі өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Маңызды жиынныңнегізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы тәуекел факторларын ерте анықтау, олардың алдын алу бағытында аудан және қала деңгейінде жүйелі әрі үйлестірілген жұмысты қалыптастыру.

Күн тәртібіне сәйкес жауапты сала өкілдері баяндама жасап, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.

Семинар барысында балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың тиімділігі талқыланды. Сондай-ақ бұл мәселелер аудан және қала әкімдіктерінің қатысуымен жан-жақты қаралып, өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары айтылған ұсыныстарды хаттамаға енгізіп, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысында 0-18 жастағы бала саны 926 813-ті құрайды. Оның ішінде 554 597-сі мектеп жасындағы балалар болса, 46 794 -і арнаулы орта білім беретін оқу орнында білім алуда. Өңірде жалпы 507 508 отбасы тіркелген.

Бөлісу