Ішкі орам көшелерге арнайы орнатылған 450 шам бар.
Түркістанда қала көшелері қуат үнемдейтін шамдармен жарықтандырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында көше жарықтандыру жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Қазіргі таңда қала аумағында 37 302 жарықтандыру нүктесі жұмыс істейді. Оның ішінде ішкі орам көшелерге арнайы орнатылған 450 шам бар. Барлық жарықшамдары заманауи энергия үнемдейтін жүйелермен жабдықталған.
Жарықтандыру жұмыстары тәуліктің нақты уақытына сәйкес автоматты түрде реттеледі. Көшелердегі шамдар кешкі 18:20-да қосылып, таңғы 05:00-де сөндіріледі. Бұл тұрғындардың түнгі уақытта қауіпсіз қозғалуына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қала келбетінің жақсаруына ықпал етеді.
Алдағы кезеңде Түркістан қаласының инфрақұрылымын жетілдіру аясында жарықтандыру желілерін кезең-кезеңімен жаңартып, қосымша нүктелер орнату жоспарланған.